×

«Халал» таңбасына алданып қалмаңыздар! - маман

 Шұжықтың бәрі адал ас емес

 Дәурен Ерболат 10.08.2022 | 15:22
Фото: islamnews.ru

Бүгінде әр елде халал стандарты әртүрлі. Сондықтан қазақстандықтар «халал» таңбасы қойылған өнімдерге алданып қалмауы керек. Бұл туралы Ұлттық аккредиттеу орталығы Әдіснама және нормалау департамент басшысы Алмат Орынғалиұлы айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Қазақстандықтар арасында ет өнімдеріне шошқаның еті қосылмаса, ол «халал» өнім болады деген түсінік бар. Алайда ол тек шошқаның етімен шектелмейді. Мысалы, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктері «халал» өнімдерге ингредиенттер: бояғыш заттар, химикаттар қосылмасын деп талап қойып отыр, –  деді басшы.

Ол шұжық өнімі қандай жағдайда «халал» болып саналатынын түсіндірді.

Шұжықты алайық. Мұндағы мәселе малдың етін өңдеумен шектелмейді. Егер малға антибиотиктер берілсе, оның еті «халал» болмауы мүмкін. Біз халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек. «Халал» өнім дегеніміз онда тек шошқаның еті болмауы емес. Сондықтан халал таңбасы қойылған өнімдерге алданып қалмаңыздар, - деді Алмат Орынғалиұлы.

Сондай-ақ ол «халал» ет өнімдеріне қойылатын талап та уақыт өткен сайын өзгеріп тұратынын жеткізді.

Мысалы, 2008 – 2010 жылдары Түркия шұжық өнімдерін шығаратын цехтарда «халал» өнімді шығару процесі етті қабылдаудан басталып, дайын өнім шығарғанға дейін созылды. Кейін 2010-2015 жылдары «халал» шұжық өнімдерін дайындау процесі цехқа жеткізілген еттен емес, ірі қара малға қандай жем-шөп берілгені, оның қалай сойылғаны, қаншалықты тазалық сақталғаны және тағы басқа жағдайлардан басталды, –  деді басқарма басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама