×

Ақтөбеде анасын өлтірген адамдар сотталып кетті

Олар 9 және 15 жылға бас бостандықтарынан айырылды

 Дастан Жұмабекұлы 09.08.2022 | 16:31
фото: diapazon.kz

Ақтөбеде анасын өлтіргендер 9 және 15 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Бұл туралы «Диапазон» басылымы хабарлады.
 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот анасын өлтірген қыз баланы тоғыз жылға, ал қылмысқа қатысқаны үшін оның сүйіктісін 15 жылға бас бостандығынан айырды, –  делінген хабарда.
 

Соттың үкіміне сәйкес, 18 жастағы жігіт қызының үйінде оның анасымен сөзге келіп қалған. Ол кезде әйелдің қолында пышақ болған. Алысып жатқанда жігіт сол қолын ұстап алып, кеуде тұсынан ұрған. Сосын әйелді қылғындыра бастаған. Ал қызы анасының денесіндегі пышақты жұлып алып, тағы да пышақпен бірнеше мәрте соққы жасаған. Әйелдің мүрдесі балконда 5 күн жатып қалған.
 

Қыздың айтуынша, оны анасы бала кезден бері мазақ қылып, ұратын. Тіпті кішкентай кезінде де оның жігітінің қызды ұрған кездері болған екен.,

Мен жеті жаста болғанда анам маған пышақ тақап, ішіңді жарайын ба, сосын өзіме де тығам, сөйтіп екеуміз де өлеміз деп қорқытты, –  деп еске алады марқұмның қызы.

Жігіттің айтуынша, оларда қыздың анасын өлтіреміз деген ой болмаған. Ол істеген ісіне өкініп, соттан екеуін ұзаққа айырмауды сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама