×

Байқоңырдан Ресейдің «Союз-2.1б» зымыраны ұшты

Ол өзімен бірге Иранның жерсерігін ұшырды 

 Дастан Жұмабекұлы 09.08.2022 | 14:03
фото: ашық дереккөз

Байқоңырдан Ресейдің «Союз-2.1б» зымыраны ұшты. Оған тапсырыс беруші - Иран. Орындаушы - Ресей. Ол Ресейдің орбитасына «Хайям» деген Иранның жерсерігін алып ұшты.

«Хайямнан» басқа тағы 16 кішкене ғарыштық аппарат ұшырылды.

Бұған дейін хабарланғандай, АҚШ-тың «The Washington Post» газеті Ресей Байқоңырдан спутник-тыңшыны ұшыратынын жазған еді. Ол содан кейін Иранның пайдалануына берілетіні айтылған болатын.

9-тамызда Ресей Байқоңырдан ирандық спутник-тыңшыны «Союз» зымыраны арқылы ұшырып, оны Украинаға қарсы қолдануды жоспарлап отыр, –  делінген басылымда.

Басылымның хабарлауынша, зымыран әуелі Украинаны кеңістігіне барлау жасайды. Одан кейін Иранның пайдалануына беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама