×

Үш жоғары оқу орны ғылыми зерттеу мәртебесін алады – Саясат Нұрбек

Сондай-ақ академиялық артықшылық орталықтарына 15 өңірлік және 5 педагогикалық ЖОО іріктелді

 Дастан Жұмабекұлы 09.08.2022 | 13:38
фото: ашық дереккөз

Бүгін премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үш университеттің ғылыми зерттеу мәртебесін алатынын айтты.

Ол Үкімет отырысында ғылыми-зерттеу экожүйесін қалыптастыру және серпінді технологияларды дамыту үшін университеттерді зерттеуге айналдыру жоспарланып отырғанын атап өтті.

Астанадағы Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Шымкенттегі М. Әуезов атындағы ОҚМУ-не зерттеу университеті мәртебесі берілді. Қазір академиялық артықшылық орталықтарын құру жөнінде шаралар қабылданды. 15 өңірлік және 5 педагогикалық ЖОО іріктелді, –  деді ол.

2025 жылға қарай шетелдік жетекші бес ЖОО-ның филиалдары жұмыс істейтін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама