×

Асқар Омаров жаңа Қазақстанды құру үшін не істеу керектігін айтты

Оның ұсыныстарын премьер-министр Әлихан Смайылов қолдады

 Дәурен Ерболат 09.08.2022 | 11:17
Фото: ТАСС

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров жаңа Қазақстанды құру үшін халықпен кері байланысты күшейтіп, шалғай елді мекендерде тұратын қазақстандықтармен кездесу керектігін айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Оның айтуынша, халыққа есеп беру кезінде министрлікке басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын сұрақтар түседі екен. Осыған қарамастан министрлік бұл мәселерді шешуге көмектеседі.

«Осыған байланысты біз өңірге тек өз органымыздан емес, Үкімет атынан баратынымызды айтқым келеді. Сондықтан адамдардың мәселелерін қай мемлекеттік органның құзыретіне жататына қарамастан тіркеу керек. Кездесулер нақты адамдарға, нақты көмекке мұқтаж жандарға бағытталуы қажет», - деді  министр Үкімет отырысында.

Асқар Омаров халықпен кері байланысты күшейту арқылы ғана жаңа Қазақстанды құруға болады деген пікірде.

Мемлекеттік органдар мен халық арасында тиімді кері байланыс орнатылып, сол байланыс халықты шешім қабылдау үрдісіне белсенді тартқан жағдайда ғана жаңа Қазақстанды құруға бағытталған мемлекет басшыларының реформаларын іске асыруға болады, - деді ведомство басшысы.

Ол бұл мақсатқа жету үшін не істеу керектігіне де тоқталып өтті.

«Біріншіден, мемлекеттік органдар кездесу өткізу кезінде жарлықтың барлық талабын сақтау, кестеде көзделген мерзімді ұстану, әдістемелік ұсыныстарды орындау;

Екіншіден, облыс орталықтарына шектелмей, аудандарға, ауылдар мен кенттерге, шалғай жерлерді баруды ұмытпау керек; Министрліктер облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мәселелерді байқап, шешуге мүдделі екенін халыққа түсіндіру маңызды.

Үшіншіден, мемлекеттік органдардың кездесулерінен ақпарат беруді күшейту. Мәселелерді шешуде мемлекеттік органнан нақты көмек алған адамдардың жеке оқиғаларына баса назар аудару ұсыналады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі оларды республикалық БАҚ-та жариялауға көмектеседі», - деді министр.

Асқар Омаровтың ұсыныстарын премьер-министр Әлихан Смайылов қолдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама