×

Өңірде мал жайылымы жетіспейді – Жеңіс Қасымбек

Ол кездесуде қойылған сұрақтар бақылауда болатынын атап өтті

 Дәурен Ерболат 08.08.2022 | 16:18
Фото: kaztag.kz

Қарағанды облысында мал жайылымы жетіспей жатыр, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек тұрғындармен кездесуді жоспарлап отыр. Онда халық облыс әкіміне өзекті сұрақтарды қоя алады.

Биыл бірінші жартыжылдықта халықпен кездестік. Көптеген сұрақ қойылды, олардың барлығы өзекті болып саналады. Ауылдарда жайылымның жетіспеуі проблема болып тұр. Мал басы өсіп жатыр. Бұл – жақсы көрсеткіш, алайда жер тапшылығы бар, - деді Жеңіс Қасымбек.

Ол тұрғын үй шаруашылығы мен жолға қатысты да көптеген мәселе барын да атап өтті.

Айта кетейік, 11 тамызда Қарағанды облысының әкімі Балқаш пен Приозерск қалаларында кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама