×

Тегін тамақ: Елордалықтар бір-бірін таптап өлтіре жаздады

Таласқа түскен топ адам алдынан шыққанның бәрін жайпап өткен

 Халық үні 06.08.2022 | 14:24
Фото: видеодан кадр

Елордада фаст-фуд сататын орындардың бірі ашылуына орай тегін тамақ тарататыны жөнінде хабарлама беріпті. Аталған видео әлеуметтік желіде тарады. Жарнаманы көріп, сауда нүктесінің алдына жүздеген адам жиналған. Салдарынан ұйымдастырушылар тегін тамақтануға келген тұрғындарды игере алмай қалыпты.

Соңында фаст-фуд толы сөмкені ұстаған жігіт көше бойымен қашуға мәжбүр болған. Жиналған жұрт оны жабылып қуып, дорбасындағы тағамды түгел талап әкеткен.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама