×

Елордада тағы бір көше жабылады

Астанада жол жөндеу жұмыстары қазанға дейін жалғасады

 Дәурен Ерболат 06.08.2022 | 14:10
Фото: Halyq Uni

Биыл 8-17 тамыз аралығында Нұр-Сұлтандағы Сейфуллин көшесінің Республика даңғылы мен Әуезов көшесі аралығындағы бөлігі толық жабылады, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

2022 жылғы 8-17 тамыз аралығында нөсер кәрізін күрделі жөндеуден өткізуге байланысты Сейфуллин көшесінің Республика даңғылынан Әуезов көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толық тоқтатылады. Көліктер үшін уақытша жол белгілерін орнату арқылы уақытша схема бойынша жабық аумақты айналып өту мүмкіндігі қарастырылады, - деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарынан жөндеу жұмыстары жүріп жатқан немесе аяқталмаған жол учаскелерінде аса мұқият болуды және уақытша схема бойынша орнатылған жол белгілерін назарға алуды, жол қозғалысы ережесінің талаптарын сақтауды сұрайды.

Осыған дейін каладағы негізгі көшелердің бірі Мәңгілік ел даңғылының орталық бөлігі жабылған болатын. Бұл тұрғындарын әжептәуір әбігерге салды. Шаһарда көлік кептелісі күшейіп, таңертеңгі және кешкілік уақытта қалада еркін жүріп-тұру қиынға соқты.

Айта кетейік, елордада жол жөндеу жұмыстары қазанға дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама