×

Алматы облысында ашынған тұрғындар жолды жауып тастады – видео

Олар жолдың жөнделуін талап етеді

 Дәурен Ерболат 06.08.2022 | 12:09
Скрин: видео

Жамбыл ауылының тұрғындары республикалық маңызы бар «Алматы – Нұр-Сұлтан» тас жолын жауып тастады, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Тұрғындардың жолды жауып тастаған видеосы Instagram-дағы kaskelenkz паблигінде жарияланды.

Көктем мен күзде шұрық тесік, ми-балшық жолда жүру де мүмкін емес. Бұл жерге не жедел жәрдем, не такси келмейді. Қор болып отырмыз. Егер қыркүйекке дейін жол жөнделмесе, оны бір күнге толық жабамыз. Алматы облысының әкімін мәселеге назар аударуын сұраймыз, - дейді ашынған ауыл тұрғындары.

Жамбыл ауылының әкімдігі Бейбітшілік көшесіндегі жолды жөндеу жобасы дайын екенін атап өтті. Бірақ облыстан тиісті қаражат әлі бөлінбеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама