×

Оралда зауыттан өрт шықты

Өрт аумағы – 240 шаршы метр

 Динара Амантай 05.08.2022 | 17:19
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Орал механикалық зауытында өрт шықты. Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, оқиға 5 тамыз күні сағат 11:55-те болды.

«Орал механикалық зауыты» ЖШС аумағында 2-цех шатыры мен жарық шамы жанды. Өрт аумағы – 240 шаршы метр. Жедел штаб құрылып, «тілсіз жауды» ауыздықтауға 15 техника, 56 адам жұмылдырылды. Өрт 12:29-да оқшауланып, 12:40-та сөндірілді. Қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда азық-түлік қоймасы өртенгенін жаздық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама