×

Қазақстан жыл сайын 300 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алады – ДСМ

Олардың басым бөлігі шетелден жеткізіледі

 Дәурен Ерболат 05.08.2022 | 13:53
Фото: gov.kz

Елімізде жыл сайын дәрі-дәрмек сатып алуға 300 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Бауыржан Жүсіпов айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Жыл сайын бірыңғай дистрибьютор («СҚ-Фармация» компаниясы) жалпы 300 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алады. Дәрілер медициналық ұйымдарға жеткізіледі. Былтырғы есеп бойынша біз жұмсалған қаражаттың 41%-ына отандық тауар өндірушілердің өнімін сатып алдық. Оның ішінде дәрі-дәрмектер, коронавирусқа қарсы вакциналар, маска және тағы басқа медициналық бұйымдар бар, - деді басқарма басшысы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, дәрілердің басым бөлігі Еуропа елдерінен, Ресейден жеткізіледі. Қытай және Үндістаннан сатып алынатын дәрі-дәрмек те бар.

«Қазақстанның өзін-өзі отандық дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету көрсеткіші 21-22% деңгейінде», - деді Бауыржан Жүсіпов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама