×

Жүрсін Ерман эфиопиялық құдасына ат мінгізіп, шапан жапты (ВИДЕО)

Тедрос Гебрейесустің атақты балуан Дәулет Тұрлыхановпен бауыздау құдасы. ДДСҰ басшысының ұлы Дәулет Тұрлыхановтың қызына үйленген. Ал, Дәулет Тұрлыханов – Жүрсін Ерманның күйеу баласы.

 Халық үні 05.08.2022 | 06:37
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесусқа ат мінгізіп, шапан жауып жатқан сәтінен кадрлар пайда болды, деп жазады nur.kz.

Аталған видеоны Instagram желісінде megapolis.kz парақшасы жариялаған. Онда ДДСҰ басшысы демалысын Алматыда, қазақы ортада өткізіп жүргені жазылған.

«Ол Алматының тауында болып қайтты (немесе әлі сол жерде). Демалыс орнының желідегі парақшасынан оған ат мінгізіп, шапан сыйлағанын байқауға болады», - делінген видео сипаттамасында.

Видеоны жариялаған автор ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесустың қазақ ақыны Жүрсін Ерманға құда екенін еске салған.

Айта кетейік, 3 тамыз күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус Алматыға келгенін хабарлаған болатынбыз. Мәртебелі қонақ Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният және Алматы әкімі Ерболат Досаевпен кездескен. Qazaqtv телеарнасының хабарлауынша, Тедрос Гебрейесус Алматыға бейресми сапармен келген. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама