×

Жерге түкіре беретін қазақстандықтар жазалануы мүмкін

Министрдің пікірінше, бұл мәселе қоғамда талқылануы керек

 Дәурен Ерболат 04.08.2022 | 17:05
Коллаж: Halyq Uni

Елімізде жерге түкіре беретін қазақстандықтар жазалануы мүмкін, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында журналист Денсаулық сақтау министріне «Қоғамдық орындарда жерге түкіре беретін қазақстандықтарды жазаға тартатын уақыт келген жоқ па? Шетелге барсаңыз, мұндай адамдардың Қазақстаннан келгенін бірден байқауға болады. Еліміздегі аялдамалар, қоғамдық орындар түкіріктен аяқ алып жүргісіз» деген сұрақ қойды.

Ажар Ғиният бұл ұсынысты қолдайтынын, бірақ оларды жазалау бастамасын депутаттар көтеруі керектігін атап өтті.

Ұсынысты толық қолдаймын. Қоғамдық орындарда түкіруге тыйым салынуы керек. Бұл – мәдениетсіздік, әрі тазалықты сақтамау. Сондықтын сіздің ұсынысыңызды қолдаймын. Бізге мұндай бастаманы көтеруді депутаттарға беру керек, - деді министр.

Ведомство басшысы бұл мәселені қазақстандықтар арасында талқылауға шығаруды ұсынды.

«Сіздің ұсыныңызды қарастырамыз. Кез келген әрекетке тыйым салынған соң, оған жаза тағайындалады. Әрине, бұл ұсыныс қоғам талқысына салынуы керек», - деді Ажар Ғиният.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама