×

Қытай Тайвань маңындағы суларға бірнеше зымыран ұшырды

Атыс жаттығулары Тайбэйдің Нэнси Пелосиді қабылдау туралы шешіміне жауап ретінде ұйымдастырылды

 Динара Амантай 04.08.2022 | 15:41
Фото: anithing.livejournal.com

Қытай әскері Тайвань бұғазындағы оқу-жаттығу кезінде бірнеше баллистикалық зымыранды ұшырды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 13:56-да (GMT 8:56) Қытай Коммунистік партиясы Тайваньның солтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында орналасқан суларда Дунфэн класындағы бірнеше баллистикалық зымыранды ұшырды, – делінген хабарламада.

Бір күн бұрын Қытайдың мемлекеттік газеті Global Times армия алғаш рет Тайвань бұғазы арқылы ұзақ қашықтыққа ұшатын жауынгерлік артиллерияны қолданып, DF-17 (Dongfeng-17) гипер дыбыстық зымыранын қолданатынын жазды.

Риа Новости порталының мәліметінше, маневрлер бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 10:00) басталып, жексенбіге дейін жалғасады. Олар алты теңіз аймағында өтеді. Әскерилер кемелердің кездейсоқ кіруін немесе әуе кемелерінің үстінен ұшуын болдырмау үшін координаттарды алдын ала жариялады.

Ауқымды атыс жаттығулары Тайбэйдің АҚШ палатасының спикері Нэнси Пелосиді аралда қабылдау туралы шешіміне жауап ретінде ұйымдастырылды. Америкалық шенеунік мұнда сейсенбі күні кешке өзінің азиялық турнесінің аясында келді. Келесі күні ол жергілікті әкімшілік басшысы Цай Инвэнмен кездесіп, келіссөздер жүргізіп, Тайваньда бір күнге жетпей Кореяға ұшып кетті.

Айта кететін жайт, Қытай Тайваньды өзінің провинциясы деп санайды және Тайбэй мен Бейжің дипломатиялық қарым-қатынастары бар елдердің шенеуніктері мен әскерилері арасындағы кез келген байланысқа қарсы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан Тайваньды Қытайдың бөлігі деп санайтыны туралы жаздық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама