×

Шымкентте 1,5 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазған кәсіпкерлер ұсталды

Олар 2 жыл бас бостандығынан айырылды

 Динара Амантай 04.08.2022 | 09:38
Коллаж: Halyq Uni

Шымкентте жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын жалған шот-фактура жазумен айналысқан кәсіпкерлер ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚМА-ның Шымкент қаласы бойынша департаменті аталмыш жағдайға байланысты азаматтар М.А.Ажибаевқа, А.О.Акыновқа және А.Ақынға қатысты қылмыстық істі өндіріспен аяқтап, сотқа жолдаған.

Сот үкіміне сәйкес, аталған тұлғалар кінәлі деп танылып, түпкілікті мүлкі тәркіленумен кәсіпкерлік және қаржылық қызметімен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сотталған тұлғаның атына тіркелген «Toyota» маркалы автокөлік тәркіленіп мемлекет меншігіне айналдырылғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама