×

Алматы облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

Аталмыш оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр

 Динара Амантай 03.08.2022 | 16:43
Фото: aikyn.kz

Алматы облысы Іле ауданындағы «Еңбек-Құйған» теміржол өткелінде жүк пойызы мен «Аudi 100» көлігі соқтығысып қалды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол апаты 2 тамыз күні болған.

Соқтығыс салдарынан көлік өртеніп, оның 40 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Көлікте болған тағы үш ер адам түрлі дене жарақаттарымен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді, – делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша тергеліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама