×

Шымкентте мемлекеттік гранттар той-томалаққа жұмсалған

Былтыр 23 азаматтан ақша мемлекетке қайтарылды

 Дастан Жұмабекұлы 03.08.2022 | 15:57
фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Шымкенттік тұрғындар мемлекеттік гранттарды бизнес бастауға емес, той мен құдалық өткізіп, қыз ұзатуға жұмсаған.

Бұл туралы «Qazaqstan» телеарнасы хабарлады.

Телеарнаның хабарлауынша, олардың арасында несиелерін жапқандары да бар. Шымкент қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекованың айтуынша, 1 млн 225 мың теңге көлеміндегі ақша бір кәсіпті ашып, бірнеше азаматтарды жұмыспен қамту үшін қарастырылған. Ал қала тұрғындары қомақты ақшаны оңды солды жарата берген. Тіпті әр үш ай сайын есеп беріп тұру керектігін ұмытқан.

Қазір мұндай азаматтардың ісімен құзырлы органдар айналысып жатыр. Былтырғы жылдың өзінде қайтарымсыз гранттарды өз қажетіне жұмсаған азаматтар жауапқа тартылып, қаражат қайта қазынаға қайтарылған, – деді ол.

Қолда бар мәліметке қарағанда, құзырлы органдармен бірге былтыр 23 азаматтан ақшасының барлығы мемлекетке қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама