×

Болат Мүрсәлім «Qazaqstan» ТРК бас редакторы болды

Ол қазақ телевизиясындағы тәжірибелі мамандардың бірі

 Дастан Жұмабекұлы 03.08.2022 | 14:22
фото: facebook.com

Белгілі журналист Болат Мүрсәлім «Qazaqstan» республикалық телерадиокорпорациясының бас редакторы қызметіне тағайындалды.

Бұл ақпарат телеарнаның Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

Болат Мүрсәлім қазақ телевизиясындағы тәжірибелі мамандардың бірі. Салада 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында өзіндік қолтаңбасы бар жас журналистер буынын тәрбиелеуге де атсалысты. БАҚ-тың түрлі саласындағы, жекеменшік телеарналардағы ұзақжылғы тәжірибесі Корпорация арналарының дамуына жаңа леп әкеледі деп сенім білдіремін, –  деп атап өтті таныстыру кезінде басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Б.Мүрсәлім еңбек жолын 2001-2002 жылдары баспасөзде, кейінгі жылдары «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында тілші, жүршізуші, «КТК» телеарнасында сараптамашы, «31 арнада» Ақпараттық бағдарламалар директоры, «Қазақфильм» киностудиясында редактор қызметтерін атқарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама