×

Отандық астық өндірушілер шығынға батудан қауіптеніп отыр

Биыл 1 шілдеден бастап Ресей өз өнімдерін Қазақстанға экспорттауға тыйымды алып тастады

 Динара Амантай 02.08.2022 | 16:06
azattyq-ruhy.kz

Қазақстанның астық өндірушілер одағы Ресей импорты көлемінің көптігіне байланысты отандық астық өндірушілердің шығынға бату ықтималдығын болжап отыр. Бұл туралы ұйым төрағасы Нұрлан Оспанов дөңгелек үстел барысында айтты.

Оның айтуынша, елімізде астық маусымы 2022 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2023 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Сала мамандары бидай, арпа, бұршақ, күнбағыс және тағы басқа дәнді-дақылдар астық жеткілікті болады деген пікірде.

Бұған қоса өткен жылдан қалған қордағы астық жаңа жыл кезінде сатылатыны белгілі болды. Бірақ, төмен бағамен, себебі сапасы нашар. Сонымен қатар аталған жайт астық өндірушілердің табысына кері әсерін тигізеді.

Биыл 1 шілдеден бастап Ресей өз өнімдерін Қазақстанға экспорттауға тыйымды алып тастады. Біз қазірдің өзінде Ресейден бидай мен күнбағыс тұқымдарының жеткізіліп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан бұл фактор да Қазақстанда баға белгілеуге әсер етеді. Сонымен қатар биыл Ресейде барлық дақылдар бойынша рекордтық өнім болады деп болжануда. Ресей шектеулерге байланысты өнімді сыртқа шығарудың дәстүрлі нарығын қолданады деп болжап отырмыз. Ол Орталық Азия, Иран, Қытай және Қазақстан деп күтеміз. Сондықтан астық нарығы алдағы маусымда көрші елдегі факторларға байланысты болмақ, - деді Нұрлан Оспанов.

Одақ басшысы қазақстандық өнім бағасының бақылаусыз төмендеуі алдағы маусымда астық өндірісіне шығын әкелуі мүмкін екенін айтты.

«Қазіргі уақытта заңды түрде әкелінген астық тоннасының бағасы қосылған құн салығын төлеумен 135 мың теңгеге жетіп қалды. Бұрын 180 мың теңге болатын. Ал қара нарықта қосылған құн салығын төлемей сатылатын астық тоннасының бағасы 103 мың теңгеге келе жатыр. Бұл ішкі нарықтағы баға 115-тен 103 мың теңгеге дейін арзандайды деген сөз», – деді төраға.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама