×

Қымбатшылық: СҚО-да балабақша асханасы азық-түліксіз қалды

Балалардың тамақтанбай жүргеніне бір ай болыпты

 Еркеғали Болатұлы 02.08.2022 | 14:05
фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысында азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты балабақшаларда балаларды тамақтандырмайды деп хабарлады Петропавловск.news.

«Азық-түлік бағасының көтерілуіне орай, жеткізушінің қазір шартта көрсетілген бағамен азық-түлік жеткізетін мүмкіндігі жоқ. Себебі тағамның көп түрі бойынша сатып алатын баға шартта төленетін бағадан біраз жоғары. Бұл мәселені шешу бойынша жеткізушімен бірге жұмыс жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді СҚО білім басқармасы.

Бұл өзгеріс Мәмлүк ауданының «Новомихайловка орта мектебі» ҚКМ «Арай» шағын орталығына әсерін тигізген. Балалардың балабақшада тамақтанбай жүргеніне бір ай болыпты. Сондықтан шағын орталық тек түске дейін ғана жұмыс істеп жүр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама