×

Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны азайды

26 мыңнан аса адам аурудан емделіп жатыр

 Дәурен Ерболат 01.08.2022 | 09:05
Фото: tengrinews.kz

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 2414 дерегі тіркелді:

  • Нұр-Сұлтанда – 947,
  • Алматыда – 464,
  • Шымкентте – 18,
  • Ақмола облысында – 101,
  • Ақтөбе облысында – 12,
  • Алматы облысында – 44,
  • Жетісу облысында – 42,
  • Атырау облысында – 41,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 8,
  • Абай облысында – 35,
  • Жамбыл облысында – 71,
  • Батыс Қазақстан облысында – 40,
  • Қарағанды облысында – 367,
  • Ұлытау облысында – 17,
  • Қостанай облысында – 26,
  • Қызылорда облысында – 52,
  • Маңғыстау облысында – 18,
  • Павлодар облысында – 55,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 27,
  • Түркістан облысында – 29.

Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 352 594 жетті. 

Сонымен қатар 1949 адам коронавирустан айықты:

  • Нұр-Сұлтанда – 752,
  • Алматы қаласында – 489,
  • Алматы облысында – 246,
  • Жетісу облысында – 130,
  • Абай облысында – 5,
  • Жамбыл облысында – 37,
  • Батыс Қазақстан облысында – 21,
  • Қарағанды облысында – 165,
  • Ұлытау облысында – 20,
  • Қызылорда облысында – 32,
  • Маңғыстау облысында – 19,
  • Павлодар облысында – 8,
  • Түркістан облысында – 25.

Елімізде барлығы 1 312 462 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

1 тамыздағы мәлімет бойынша 26 687 адам коронавирустан емделуде.

Оның ішінде 1 527 пациент стационарда, 25 160 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 44 адамның жағдайы ауыр, 10 пациенттің жағдайы өте ауыр, 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

  • «Қызыл» аймақта тұрған өңір жоқ;
  • «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.
  • «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Айта кетейік, кеше коронавирус 2713 адамнан анықталған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама