×

«Аллаһқа мадақ! Біздің көп қазақ Ресейдің жағында» - Сары Әулие

Ресейдің сарбаздарына Украинадағы фашизммен шайқастағы ерліктеріне рақмет, дейді ол

 Халық үні 01.08.2022 | 06:16
фото: nur.kz

Қоғам белсендісі Бекболат Қаржан Facebook-тегі парақшасында көпшілікке «Сары әулие» атымен танымал Марат қажы Есенбаевтың «қазақтар Ресейдің жағында» деген пікірін жария етті. 

«Аллаһқа мадақ, біздің көп қазақтар Ресейдің жағында. Ресейдің сарбаздарына Украинадағы фашизммен шайқастағы ерліктеріне рақмет. Әлемдегі зұлымдық үшін күрескен бұларға мәңгілік тағзым! Инша-Аллаһ, жақында біздің бауырлар - мұсылмандар (мұсылмандар деп шешендерді айтып жатқан сияқты) бұл соғыста жеңіске жетіп, Украина халқын фашизм мен ұлтшылдардың билігінен азат етеді. Ал клоун әзілін қуыршақ ойнатушының өздері жояды»,- деп жазған Марат қажы Есенбаев. 

Еске сала кетейік, Сары әулие 90-жылдары халықты стадионға жинап, емдік сеанстар өткізіп елге танылған болатын. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама