×

«Өмір сүргім келмейді»: СҚО-да 4 баланың анасы көпірден секірмек болды

32 жастағы К.-ны аман-есен қауіпсіз жерге шығарған құтқарушы бірден полицияны шақырды

 Қанат Атаманов 30.07.2022 | 22:30
Фото: inform.kz

Солтүстік Қазақстан облысының орталығы – Петропавл қаласында көпірден секірмек болған әйелді сол маңда көлігімен өтіп бара жатқан құтқарушы аман алып қалды. 

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушы Евгений Языков әкесімен бірге туған жері Дубровное ауылына туыстарына барып, үйіне қайтып келе жатқан. Петропавлға кіре берістегі Есіл өзенінің үстіндегі көпірден жас әйелдің төмен қарай секіруге оқталып тұрғанын байқап қалады.

7 жыл қызметінде көп нәрсені көріп, түрлі төтенше оқиғаларды бастан өткерген маман бұл жағдайда минуттар емес, секундтардың санаулы екенін бірден түсінеді.

Сосын бәрі кинодағыдай болды. Мен бірден тежегішті бастым, қуанышқа орай менің артымнан ешкім келе жатқан жоқ еді. Есікті жұлқа ашып, қарсы келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтіп, секіргелі тұрған келіншекке ұмтылдым. Ол да қолын босатты, мен де ұстап үлгердім», - дейді сол күнгі оқиғаны еске алған құтқарушы.

32 жастағы К.-ны аман-есен қауіпсіз жерге шығарған құтқарушы бірден полицияны шақырды.

«Келіншек жылап, секіруге не себеп болғанын, өмір сүргісі келмейтінін айтты. Төрт баланың анасы екен. Сол жердегі көлік жүргізушілері де келіп қандай көмек керек екенін сұрады. Полиция патрулі келгенше мен әйелді тыңдадым және оны мүмкіндігінше тыныштандыруға тырыстым, - дейді Евгений Языков.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама