×

«Барыстың» легионері жылдық жалақысын 31 млн теңгеге қысқартты

Ол 354 млн 150 мың теңге мен бонустық жүйе бойынша 45 миллион рубль алатын болады

 Дастан Жұмабекұлы 29.07.2022 | 17:41
фото: ашық дереккөзден біріктірілген

«Барыс» хоккей клубының ресейлік легионер Никита Михайлистің келісімшартқа қол қойғаннан кейін жалақысы белгілі болды.

Bassport.kz порталының хабарлауынша, ол 354 миллион 150 мың теңге және бонустық жүйе бойынша қосымша табыс (Қазақстан қор биржасының бағамы бойынша 45 миллион рубль) алатын болады. Бұған дейін форвардтың «Барыстағы» жалақысы жылына 385 млн теңге болатыны хабарланған еді.

Шабуылшымен біржақты келісім 2023 жылғы 30 сәуірге дейін жасалды. Яғни, бір маусымға арналған.

2021/22 жылғы маусымда 26 жастағы форвард чемпионатта 47 матч өткізіп, 44 (18+26) ұпай жинады. Плей-оффта оның есебінде бес ойында 2 (1+1) ұпай бар.

Бұған дейін оның жаңа келісім бойынша жылына 50 млн рубль (шамамен 870 мың доллар) жалақы алатынын, оны теңгеге шаққанда, бір жылда 390 миллион теңгеден астам жалақы алғалы отырғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама