×

«Хирургиялық көмек қажет»: Алматыда 11 жастағы бала бірнеше рет зорланған

Бұл оқиғаның егжей-тегжейін әзірге ашпаймын, бірақ ол адам шошитын жайт дейді құқық қорғаушы

 Еркеғали Болатұлы 29.07.2022 | 15:48
фото: ашық дереккөз

Алматыда емдеу мекемелерінің бірінің дәрігері 11 жастағы баланың зорланғанын мәлімдеді. Ақпаратты «НеМолчиKz» қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрі мәлімдеді.

Оның айтуынша, зардап шеккен бала дәрігерге туысымен бірге барған.

Дәрігер қарап, оның бірнеше рет зорланғанын түсінген. Балаға хирургиялық көмек қажет. Бұл оқиғаның егжей-тегжейін әзірге ашпаймын, бірақ ол адам шошитын жайт, - деп жазды Дина Таңсәрі.

Полицейлер мұндай фактінің тіркелгенін растады. Істі Медеу ауданының полицейлері Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша қарап жатыр екен.

«Тергеу барысында қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, істің шынайы мән-жайы анықталады. Баға беріліп, факт расталған жағдайда заңға сәйкес шаралар қабылданады», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама