×

Биыл негізсіз қылмыстық қудалауға ұшыраған 1077 азамат ақталып шықты

Үш буынды модельді енгізу аясында прокурорлар 189 мың процессуалдық шешімді тексерді

 Еркеғали Болатұлы 29.07.2022 | 15:09
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда жыл басынан бері 1077 азаматқа қатысты негізсіз қылмыстық қудалау тоқтатылды деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

«Қылмыстық орбитаға тартылған азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылып жатыр. Жыл басынан бері 1077 азаматқа қатысты негізсіз қылмыстық қудалау тоқтатылды. Қызметтік үй-жайлардан және уақытша ұстау изоляторларынан 512 адам босатылды. Прокурорлардың бастамасы бойынша 634 адамға қатысты сот үкімдері заңға сәйкестендірілді, 130 сотталушының жағдайы жақсарды, 15-і ақталды», - делінген хабарламада.

Бүгінде сол қылмыстық процесті кезең-кезеңмен жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

«Үш буынды модельді енгізу аясында прокурорлар 189 мың процессуалдық шешімді тексерді. Жыл басынан бастап прокурорлар ерекше тәртіп негізінде аса ауыр қылмыстар бойынша 570 айыптау актісін толтырды. Жалпы «прокурорлық сүзгінің» арқасында тергеудің сотқа дейінгі сатысында азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылу фактілерінің саны азайды», - деп хабарлады Бас прокуратура.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама