×

«Z» белгісі Қарағанды облысындағы танктен де көрініс тапты

Маңайдағы камералар «істемей» қалуы да мүмкін

 Еркеғали Болатұлы 29.07.2022 | 11:31
фото: дереккөз

Қарағандылық белсенді Айсұлтан Жақып Facebook-тегі парақшасына Саран қаласындағы келеңсіз жайттың суретін жариялады деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Саран қаласында соғысқұмар, сатқын жандар қыбырлай бастады. Мынау бүгін түсірілген фото. Маңайдағы камералар «істемей» қалуы да мүмкін. Ондай жағдайда қазақтан кешірімді кім сұрайды? Саран қаласының әкім сұрайтын шығар? - дейді жазба авторы.

Бұл әрекетке ашынған ол жергілікті биліктен бұзақыны тауып, заңды тұрғыда жазалауды талап етіп отыр. Реті келсе соттауға да болады деген пікірде.

Ал енді ҮЛКЕЕН ұсынысым бар. Соғысты еске салатын, насихаттайтын танк, тағы да басқа осындай ескерткіштерді еліміздің барлық саябағынан алып тастау. Менің білетінім, біздің облыста – Балқашта, осы Саранда бар, - дейді Айсұлтан Жақып.

Бұдан кейін ол ескерткіш танктегі жағымсыз белгіні әкімдік өкілінің өшіріп жатқан суретін жариялады.

«Z белгісі танкіде емес, жүректе ғой. Мынаны өшіргенмен, анандай сұмырайдың жүрегіне ізгілік нәрін себе аламыз ба? Менің (біздің) жүрегім(із)дегі сызат жазыла ма?» – деген ол, енді жергілікті полицияның тентекті тезге салатынына сенім білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама