×

Алматы облысының халқы бассейннен су ішіп жүр

Тұздыбастау ауылында 22 мың адам тұрып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 28.07.2022 | 09:31
Видеодан скриншот

Алматы облысы Тұздыбастау ауылының тұрғындары «Almaty.tv» телеарнасына екі айдан бері таза сусыз отырмыз деп шағымын айтты.

Тұздыбастаулықтардың айтуынша, әкімдіктің табалдырығын тоздырғалы талай жыл болыпты. Уәдеге тойған халық шелегін арқалап әкімдік ғимаратына баруды әдетке айналдырыпты. Алайда мәселенің шешілер түрі жоқ, –  деп хабарлады телеарна тілшілері.

Осыған байланысты корреспонденттер ауылдың бірнеше азаматымен сөйлесіп, мән-жайды біліп қайтыпты.

Екі айдан бері су жоқ. Мен 6 куб бассейнді 18 мыңға сатып алдым. Бассейнді суға толтырып, ішеміз, – деді Тұздыбастау ауылының тұрғыны Закир Тұрдымәметов тілшілерге.

Ал Тұздыбастаудың тағы бір тұрғыны Гүлмира Құрманбаеваның айтуынша, ауылда су жоқ. Түнгі сағат 22.00-де су береді, кейде ауылдастары таңға дейін  күтеді. Қолдарын даладан жинаған сумен жуады.

Ауыл адамдарының арызын тыңдауға келген «Талғар су» мекемесінің басшысы Қуатбек Смағұлов тілшілерге мәселенің шешімін тек мемлекетке өткен соң ғана шешуге болады деп айтты.  Оның айтуынша, жекеменшік су құбырларын бір арық желісіне қосу керек.

Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі Мирас Баймолданов 22 мың халқы бар ауылда ауыз су мәселесін шешу үшін қолда бар жағдайдың бәрі істелініп жатқанын жеткаізді.

Аудан тарапынан 90 миллион теңге шамасында ПЗД жасауға ақша бөлінді. Ауыстыру үшін қаражат қарастырылған, – деді ол.

Оның пікірінше, ауыл маңында салынып жатқан 12 шақырымдық магистральды су құбыры аяқталса, ауыл халқы сумен қамтамасыз етіледі. Қос құдықтың құрылысы қараша айында бітеді. Ол 250 метр шаршы куб. Ал әзірге жергілікті жұрт 1968 жылы салынған ескі құбырдан су күтуге немесе сатып алып ішуге мәжбүр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама