22 мыңнан астам науқас аурудан емделуде
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 3175 дерек тіркелді:
Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 млн 341 мың 265-ке жетті.
Сондай-ақ 1409 адам коронавирустан айықты:
Елімізде барлығы 1 млн 305 мың 43 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
28 шілдедегі мәлімет бойынша 22 748 адам коронавирустан емделуде.
Оның ішінде 1 371 пациент стационарда, 21 377 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 25 адамның жағдайы ауыр, 14 пациенттің жағдайы өте ауыр, 7 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
Айта кетейік, кеше COVID-19 жұқтырған 2 бала өте ауыр халде жатқаны хабарланған еді.
Сондай-ақ Қазақстанның бас санитар дәрігері өңірлер «қызыл» аймаққа өтсе, қатаң карантин енгізілетінін атап өткен.
Жыл басынан бері коронавирустан 800-ге жуық адам көз жұмған.