Елімізде бір күнде 3 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды
22 мыңнан астам науқас аурудан емделуде
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 3175 дерек тіркелді:
- Нұр-Сұлтанда – 915,
- Алматыда – 767,
- Шымкентте – 127,
- Ақмола облысында – 104,
- Ақтөбе облысында – 47,
- Алматы облысында – 92,
- Жетісу облысында – 123,
- Атырау облысында – 73,
- Шығыс Қазақстан облысында – 27,
- Абай облысында – 48,
- Жамбыл облысында – 94,
- Батыс Қазақстан облысында – 56,
- Қарағанды облысында – 355,
- Ұлытау облысында – 30,
- Қостанай облысында – 59,
- Қызылорда облысында – 81,
- Маңғыстау облысында – 40,
- Павлодар облысында – 66,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 41,
- Түркістан облысында – 30.
Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 млн 341 мың 265-ке жетті.
Сондай-ақ 1409 адам коронавирустан айықты:
- Нұр-Сұлтанда – 565,
- Алматыда – 647,
- Алматы облысында – 9,
- Жетісу облысында – 53,
- Атырау облысында – 12,
- Абай облысында – 16,
- Жамбыл облысында – 19,
- Қарағанды облысында – 32,
- Қызылорда облысында – 19,
- Маңғыстау облысында – 23,
- Павлодар облысында – 3,
- Түркістан облысында – 11.
Елімізде барлығы 1 млн 305 мың 43 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
28 шілдедегі мәлімет бойынша 22 748 адам коронавирустан емделуде.
Оның ішінде 1 371 пациент стационарда, 21 377 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 25 адамның жағдайы ауыр, 14 пациенттің жағдайы өте ауыр, 7 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
- «Қызыл» аймақта тұрған аймақ жоқ;
- «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.
- «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
Айта кетейік, кеше COVID-19 жұқтырған 2 бала өте ауыр халде жатқаны хабарланған еді.
Сондай-ақ Қазақстанның бас санитар дәрігері өңірлер «қызыл» аймаққа өтсе, қатаң карантин енгізілетінін атап өткен.
Жыл басынан бері коронавирустан 800-ге жуық адам көз жұмған.