×

Елордада жолаушылар автобусы өртенді

Қоғамдық көліктің қозғалтқыш бөлігі жанған

 Динара Амантай 27.07.2022 | 16:59
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Астанада көше ортасында жолаушылар автобусынан өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға бүгін  Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Түркістан көшесінің қиылысында болған.

27 шілде күні сағат 14.45-те өрт сөндіру бөлімшелері автобустың өртенуі туралы шақырту бойынша оқиға орнына шықты. Келген бойда маршруттық автобустың қозғалтқыш бөлігі жанып жатқаны анықталды. Өрт 14.58-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.

Сонымен бірге өртті сөндіруге жергілікті ТЖД-ның жеке құрамынан 5 адам мен 1 техника жұмылдырылғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама