×

Қызылорда облысында отбасылы әйел қалыңмал үшін бойдақ жігітке тиген

Жаңа түскен келіннің күйеуі мен 3 баласы бар болып шықты

 Еркеғали Болатұлы 27.07.2022 | 16:56
фото: ашық дереккөз

Ақшадан тарыққан қызылордалық келіншек бойдақ жігітті алдап соқты. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram-дағы парақшасына жазды.

Түркістан мен Қызылорда облысында мұндай келін, қашыратын жеңге, қуып келетін нағашы әпке үштігінен құрылған алаяқтық топ бары да жасырын емес, - дейді әріптесіміз.

Оның айтуынша, қызылордалық Ақерке есімді 1999 жылғы келіншек тұтас бір отбасын алдап соққан. Қалың малын алып, Аралдан Қазалыға аттанған құдалар «қалыңдық» айтқан мекен-жайды таба алмапты.

Сөйтсе, жаңа түскен келін 3 баласы, күйеуі бар, кәдімгі бір отбасын шыр үйіріп отырған әйел екен. Ақшадан қатты қысылған соң абысыны екеуі ойлап тапқан амалы күйеуге қайта тию болыпты. Ауылда малы көп ынжық жігіттер жетеді, - дейді Гүлмира Әбіқай.

Сондай-ақ ол алданып қалған жігіттің туысының хатын да өз парақшасына жүктеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама