×

Алаяқтар танымал спортшының ақшасын бірнеше банкке аударып жіберген

Дзюдошы Айбек Имашев 2,3 млн теңгесінен айырылды

 Дастан Жұмабекұлы 27.07.2022 | 16:01
Көрнекі фото

Ақтаулық дзюдошы Айбек Имашев алаяқтарға алданып, 2 млн 350 мың теңгесінен айырылды. Алаяқтар спортшыға өздерін құқық қорғау қызметкерлеріміз деп таныстырып, оның есеп-шотындағы ақшаны басқа адамның картасына аударған.

Бұл туралы ол «Qazaqstan» Ұлттық арнасының «1001 түн» бағдарламасында айтты.

Оқиға Айбек Австрияда өтетін жарысына баратын кезде болған. Оның айтуынша, іссапар қаржысы шотына түсе салысымен, оған өзін ІІМ қызметкерімін деп таныстырған алаяқ хабарласқан.

Сіздің атыңызға құжаттар жасалыпты. Сол бойынша қылмыстық іс қозғалуда», деді. Мен ешкімге ешқандай сенімхат берген жоқпын дедім. «Ауырып жатырмын. Емге, операцияға ақша керек» деп банктен сіздің ақшаңызды сұрады. Сол алаяқтарды сіз болып, біз болып қолға түсіруіміз керек» деді, – деп айтты Имашев.

Алаяқ оған Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахмановтың атынан хабарласқан. Ол шоттағы қаражаттың бұғаттаулы екенін айтып, ешкімге ақша аудармауды сұраған. Көп ұзамай, қаржыны бірнеше банк картасына бөліп аударған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама