×

Қазақстандықтарға маймыл шешегіне қарсы вакцина салына ма?

Елімізде инфекцияның таралу қаупі төмен

 Дәурен Ерболат 27.07.2022 | 15:35
Фото: atpress.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтауы ұйымы (ДДСҰ) халыққа маймыл шешегіне қарсы екпені салудың керегі жоқ деп санайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Оның айтуынша, әлемде маймыл шешегі өршіп тұр. Ауру 82 елде анықталып, жалпы 17 мың адам инфекция жұқтырған.

ДДСҰ ұсынысы бойынша халыққа вакцина алудың керегі жоқ. Екпені тек осал топтарға жататын адамдарға салынады. Мұндай топқа маймыл шешегімен ауырып жатқан науқастарды емдейтін дәрігерлер және ауруды жұқтырған адаммен байланысты болған адамдар жатады, - деді бас санитар дәрігер ОКҚ-де баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Айжан Есмағамбетова маймыл шешегіне қарсы қандай вакцина салынатынын түсіндірді.

«Естеріңізде болса, 1980 жылға дейін біз шешекке қарсы вакцина алатын едік. Маймыл шешегі мен шешектің вирусы бір-біріне ұқсас. Ғалымдардың дерегінше, шешекке қарсы вакцина алғандар өздерін маймыл шешегінен де қорғайды. Тіпті, екпе алған адам маймыл шешегін алған жұқтырса да ауру жеңіл етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтауы ұйымы барлық адамға маймыл шешегіне қарсы вакцина алудың керегі жоқ деген нақты ұсынысы бар. Себебі, инфекция тығыз физикалық байланыста жұғады», - деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама