×

СҚО-да ресейлік әйел қаза тапты

Оның өліміне 35 жастағы қазақстандық себепкер болды

 Динара Амантай 26.07.2022 | 14:10
Фото: flashnord.com

Солтүстік Қазақстан облысында ішімдік ішкен жүргізуші жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, жол апатына себепші болған. Салдарынан Ресейден келген әйел қаза тапты. Бұл туралы СҚО ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 19 шілде күні республикалық маңыздағы «Челябі-Новосібір» автожолының 645-шақырымында болған. М.Жұмабаев ауданының Қарақоға ауылы маңында ресейлік отбасы мінген «Toyota Corolla» автокөлігін осы ауданның «Toyota Land Cruiser» автокөлігін мінген 35 жастағы тұрғыны соққан. Ер адам рөлге мас халде отырған. Ол жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, сол бетте келе жатқан көлікпен соқтығысқан. «Toyota Corolla»-ның жолаушысы – Ресей азаматшасы оқиға орнында қайтыс болды, оның 7 жасар ұлы ауруханаға жатқызылды. «Toyota Land Cruiser» жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1 бабы бойынша тіркелді. «Toyota Land Cruiser» жүргізушісіне қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – делнген хабарламада.

Ер адам 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама