×

Экология министрлігі кен орнындағы аққұтанға қатысты түсінік берді (ВИДЕО)

Мамандардың болжамынша, аққұтан қоныс аудару кезінде әлсіреген

 Дәурен Ерболат 25.07.2022 | 10:34
Фото: ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Биыл 23 шілдеде әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысындағы «Дунга» кен орнына аққұтан қонып, ұшып кете алмай тұрғаны бейнеленген видео тарады.

Инспекция мамандары сол күні кешке кен орнының қызметкеріне хабарласып, жол-жөнекей көлік болған жағдайда құсты беріп жіберу туралы келісімге келді. Алайда кен орнында жұмыс уақытының аяқталуына байланысты құсты жеткізу таңға қалдырылды. Алайда аққұтан түнде өліп қалған, - деп жазылған Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті таратқан хабарламада.

Мамандардың болжамынша, құс қоныс аудару кезінде әлсіреп, ұша алмайтын жағдайға жеткен болуы мүмкін.

Айта кетейік «Дунга» кен орны Ақтау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан.

Аққұтан – қоныс аударатын құс. Ол Каспий теңізінің солтүстігінде мекендейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама