×

CҚО-да күшік ұрлаған жастар 7 жылға сотталғалы тұр

Мұндай қылмыс ауыр қылмыс санатына жатқызылғандықтан кешірім беруге заң бойынша тыйым салынған

 Еркеғали Болатұлы 25.07.2022 | 09:59
фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысында 19 жастағы жігіттер жауынгерлік тұқымды күшікті ұрлағаны үшін жауапкершілікке тартылды деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Есіл ауданының полиция бөліміне ауылдардың бірінің тұрғынынан белгісіз біреулер түнгі уақытта қораның есігін бұзып, 3 айлық күшігін ұрлап кеткені туралы арыз түскен.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасына көрші аудан тұрғынының қатысы барын анықтады. Күшік одан тұрғылықты жерінде тәркіленді. Оны ұрлаған 2 күдікті де 19 жаста, - деп хабарлады полиция.

Олардың бірінің стаффорд күшігі болған. Ұсталғандардың бірінің айтуынша, досы дәл осындай итті алуға көмектесетінін айтқан.

Бұл дерек ҚР ҚК 188-бабының үшінші бөлігі («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жігіттердің мүлкі тәркіленіп, 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылады.

Мұндай қылмыс ауыр қылмыс санатына жатқызылған. Ол бойынша кешірім беруге заң бойынша тыйым салынған, - дейді ПД өкілдері.

Күшік сол күні иесіне қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама