×

77 жастағы түркістандық алғаш рет жеке басын куәландыратын құжат алды

Жеке басын куәландыратын құжатын алмаған Қазығұрт ауданының тұрғыны Жақсылық Айтымбаев тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген

 Қанат Атаманов 23.07.2022 | 05:30
Фото: inform.kz

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының 77 жастағы тұрғыны көп жылдан кейін алғаш рет жеке басын растайтын құжатқа ие болды.

Қазіргі уақытта облыстық полиция департаментінің қызметкерлері елде жүрген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, басқа елдің азаматтығына жататынын растайтын құжаттары жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайын анықтау бойынша іс-шараларды жүргізуде.

Шара барысында жеке басын куәландыратын құжатын алмаған Қазығұрт ауданының тұрғыны Жақсылық Айтымбаев тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген. Осыған орай аудандық Полиция бөліміне қарасты көші-қон қызметі тобының өкілдері қарияға жедел түрде жаңа жеке куәлік дайындап табыстады.

Мен Қазығұрт өңірінде дүниеге келдім. Осы уақытқа дейін отбасылық себептермен анықтама құжаттарын ала алмадым. Бүгін маған Қазығұрт көші-қон қызметінің өкілдері көмектесті. Мен жеке куәлік алдым. Тәртіп сақшыларына алғысымды білдіремін!, – деді Жақсылық Айтымбаев.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама