×

Бұл жолы Алматыда: 7-қабаттан құлай жаздаған тағы бір бала құтқарылды (ВИДЕО)

Оны аман алып қалған Ерасыл Архатұлы – Абай атындағы педагогикалық университеті дене шынықтыру факультетінің студенті

 Еркеғали Болатұлы 22.07.2022 | 16:16
коллаж: Halyq Uni

Алматыда студент биіктен құлап кеткелі тұрған 2 жасар баланы аман алып қалды деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

Егер бала құлап кетсе, ең болмаса үйге кіреберістің шатырына көтерілуді өтіндім. Менің өтінішіме дереу көмекке жас жігіт жүгіріп келді. Тордың арасында ілініп тұрған баланы соңғы минуттарда құтқарып үлгеріп, анасына табыстады, - дейді оқиға куәгері Ермекбай Тамабаев.

Бұл оқиға «Алтынбұлақ» тұрғын үй кешенінде болған. Ер адам 7-қабаттағы балконның қоршауында кішкентай баланың салбырап тұрғанын байқаған.

Басы темір торларға тіреліп, денесі мен қолдары сыртта салбылап тұрды. Ол құлап кете ме деп есім шықты, – дейді куәгер.

Осы сәтте сәбиді аман алып қалған Ерасыл Архатұлы Абай атындағы педагогикалық университеті дене шынықтыру факультетінің студенті екен. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы оны марапаттау туралы ұсынысты Төтенше жағдайлар министрлігіне жіберді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама