×

Нұр-Сұлтанда балалар да коронавирус жұқтырып жатыр

Олардың басым бөлігі - 5 жасқа дейінгі балалар

 Дәурен Ерболат 22.07.2022 | 16:17
Фото: РИА Новости

Елордада 60-тан аса бала коронавирус жұқтырып, ауруханада емделіп жатыр. Бұл туралы ДСМ Инфекциялық ауруларды эпидемологиялық бақылау басқармасының басшысы Роза Қожапова айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Бүгінде қаладағы №3 көпбейінді ауруханада 52 бала, модульдік орталықта 14 бала емделіп жатыр. Олардың басым бөлігі 5 жасқа дейінгі және арасында 12-16 жасқа дейінгі балалар бар. Олардың көпшілігінен тыныс жолдарының жедел респераторлы белгілерін байқауға болады. Сондай-ақ іш өту, құсу, нерв жүйесінің зақымдануы сынды белгілері де бар, - деді басшы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, осыған дейін COVID-19 жұқтырып, жансақтау бөліміне түскен науқастардың басым бөлігі вакцина алмағаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама