×

ШҚО-да бір алаяқ қант іздегендерден 90 млн теңге пайда көрген

Оған 100-ге жуық тұрғын алданып отыр

 Динара Амантай 22.07.2022 | 15:33
Фото: shymkenttv.kz

Шығыс Қазақстан облысында алаяқ арзанға қант сатамын деп 90 млн теңге пайда көрген. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, алаяқ өзін көтерме саудагер ретінде таныстырып, нарықтағыдан әлдеқайда арзан бағаға қант сататындығын жеткізген. Ол азаматтардан алдын ала төлем жасауды сұрап, тауарды тек содан кейін ала алатындықтарын айтты.

Алаяқтың айтқанына сенген Өскемен мен Риддер қалаларының 100-ге жуық тұрғыны әйел адамның шотына 5 мыңнан 4 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде ақша жіберген. Ал арам ойын іске асырған ол хабар-ошарсыз кеткен.

Бір аптаның ішінде 100-ге тарта адам алданып отыр. Оларға келтірілген жалпы шығын көлемі 90 млн теңгені құрайды. Күдікті ретінде Өскеменде тұратын 29 жастағы әйел қолға түсті, – деді департамент баспасөз қызметінің басшысы Татьяна Карпова.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама