×

«Ералаштың» бұрынғы режиссері педофил деген айыппен 14 жылға сотталды

«Ералашта» 14 жасқа толмаған балаға күш көрсеткен дейді

 Еркеғали Болатұлы 22.07.2022 | 12:01
фото: ашық дереккөз

«Ералаштың» бұрынғы режиссері Илья Белостоцкий 14 жасқа толмаған балаға әдепсіз әрекеттер жасады деген айыппен 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

РИА Новостидің хабарлауынша, 2020 жылдың қазанынан бері қамауда отырған оның соты жабық режимде өткен.

Солнцево ауданаралық прокуратурасы прокурорының ұстанымын ескере отырып, сот Белостоцкийді қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтей отырып, 14 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, - делінген хабарламада.

Сотта «кәмелетке толмаған жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдалану арқылы жыныстық сипаттағы күш қолданды» деген айып тағылған. Алайда үкім заңды күшіне енбегендіктен, оған қарсы шағымдануға болады.

Айта кетсек, Илья Белостоцкий – «сегіз қырлы, бір сырлы». Режиссер, сценарист, актер және продюсер. 2000-жылдардың ортасынан бастап «Ералаш» киножурналында режиссер болып қызмет атқарған. Киножурналдың баспасөз қызметі тергеудің әділ өтуіне мүдделі екенін айтып, «Ералашта» балалар үнемі бақылауда болғанын, түсірілім кезінде олардың қасында ата-аналары немесе заңды өкілдерінің жүргенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама