×

Астанада тағы бір қаржы пирамидасы анықталды: қылмыстық іс қозғалды

Тұрғындар күдіктілерге сеніп, ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға ақша салған

 Дәурен Ерболат 22.07.2022 | 11:49
Фото: total.kz

Елордада World Business Consulting қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

Агенттіктің Нұр-Сұлтандағы депарматенті бұл деректі бақылауға алған.

Тергеу органы қаланың сенгіш тұрғындарымен түрлі сипаттағы инвестициялық бағдарлама келісімдерін жасап, ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға қаражат салуды ұсынған тұлғаларды анықтады. Бұл ұйым өзін портфельдік инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде көрсетеді, - деп жазылған хабарламада.

Басқарма қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергеп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа деректер тергеу мүддесі аясында жарияланбайды.

ҚМА қазақстандықтарды қырағы болуға және қаражатты күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама