×

Аршалыда 120 адам жалақысын ала алмай жүр

Аудандағы әлеуметтік нысандардың жылытуға жауапты жұмысшылардың айлығы 60 мың теңгеден аспайды

 Халық үні 28.01.2022 | 10:21
скриншот: видео

Ақмола облысының Аршалы ауданындағы қазандықтардың жұмысшылары айлығын уақытылы ала алмай жүргеніне шағымданды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Аудандағы мектептер мен балабақшалардың пешін жағып жүрген жұмысшылар үш жылдан бері айлығын уақытында ала алмадық деп шағымданып отыр. Айтуынша, бұл жағдай жергілікті қазандықтар жекеменшік секторға берілгеннен басталған. Бүгінде ауданда 120 пеш жағушы бар, олардың айлығы 47 мыңнан бастап 60 мың теңге  аралығында. Бірнеше ай кешіктіріп беру әдетке айналған, деп шағымданды жұмыскерлер. Мәселен, қыркүйек айының айлығын әлі алмай жүргендер бар болып шықты.

Бізде барлығымызда жалақы бірдей. 60 мың теңгеден аспайды. Қосылады деген, бірақ әлі қосылмады. 60 мың теңгеге өмір сүру мүмкін бе? Онымен қоймай, екі айдан бері жалақымызды уақытылы ала алмай жүрміз. Бәрінің басында несиесі бар, - деді қазандық жұмысшысы Александр Аман журналистерге.

Оған қоса, жұмысшылар үшін әлеуметтік төлемдер мен медициналық сақтандыруға ақша аударылмаған. Нәтижесінде олар жергілікті емханаларға қарала алмай жүр.

Аудандық жылу тарату компаниясының директоры әр жалақыға жыл сайын 3-5 мың теңге қосылып жүргенін айтып, соңғы төлемнің кешіктірілуін қаңтардың басында елде болған тәртіпсіздіктермен байланыстырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама