×

Атырауда басынан дау арылмаған тілшіні әлдебіреу тепкілеп кетті

Күдікті журналистің мұрнын сындырған

 Еркеғали Болатұлы 20.07.2022 | 15:35
фото: titus.kz

Кеше Атырауда «Дорожный контроль» порталының тілшісі Олеся Вертинскаяға бейтаныс ер адам өз үйінің алдында шабуыл жасаған.

Алғашында одан көмек сұрап, кейін ауыр соққы жасаған күдікті журналистің мұрнын сындырған. Тіпті құлағанына қарамай, тепкілей берген.

Полицияға арызданған тілшіге қазір «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры заңгерлік көмек көрсетіп жатыр.

Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр. Меніңше, мұның барлығы қаңтар айында мені азаптаған, Атырауда қызмет ететін ақтаулық сарбаз Медет Амангелдімен болған жағдайды жария етуіммен байланысты болып отыр, - дейді журналистің өзі.

Бір қызығы, 16 шілде күні де әйелге қоқан-лоққы жасалып, ол прокуратураға арыз жазған екен. Белгісіз нөмірден хабарламалар жазған әлдебіреулер журналистке аты аталмаған ЖШС иесінен сақ болу керектігін ескерткен.

Сонымен қатар, 13 шілдеде Олеся Вертинскаяға қатысты құқық қорғау органы қызметкерінің заңды бұйрығына бағынбағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталғаны тағы бар. Алайда прокуратураға түскен арыздан кейін ол іс жабылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама