×

Ақтөбеде бір тәулікте төрт адам суға батып кетті

Олардың денесі 2-5 метр тереңдіктен шығарылды

 Динара Амантай 20.07.2022 | 11:11
Фото: almaty.tv

Ақтөбеде суға батқан төрт адамның денесі табылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Ақтөбе қаласы Өрлеу ауылында суға түсуге арналмаған орында бір үйдің 2006 жылғы және 2004 жылғы екі адамы суға батып кеткені жөнінде ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына дереу құтқарушылар жетті. Құтқарушылар дронның көмегімен 16 жастағы жасөспірім мен 18 жастағы азаматтың денесін тапты. Олар жағадан 13-15 метр қашықтықта 1,8-2 метр тереңдіктен шығарылды.

Кеше сағат 20:40-та Ақтөбе қаласы, коммуналдық жағажай ауданында суға түсуге жабдықталмаған орында 2 адамның суға батып кеткені жөнінде ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына құтқарушылар жеткен кезде 19 және 20 жастағы азаматтардың суға батқаны анықталды. Құтқарушылардың күшімен олардың денесі жағадан 40 метр қашықтықта 5 метр тереңдіктен шығарылды, – делінген хабарламада.

Ақпарат үшін: Ақтөбе облысында суға түсуге рұқсат етілген 72 орын бар. Ал Ақтөбе қаласы бойынша 18 жағажай белгіленген. Оның ішінде бір аквапарк, бір коммуналдық және 16 жеке жағажай.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының ТЖ департаменті су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, рұқсат етілген орындарға ғана суға түсуге кеңес береді.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама