×

Елімізде балабақша кезегінің бірыңғай базасы жасалады

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында әлеуметтік тәрбиешілер болады

 Халық үні 27.01.2022 | 13:02
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда балабақша кезегінің бірыңғай базасы жасалады. Одан бөлек, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында әлеуметтік тәрбиешілер болады. Бұл туралы Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты.

Балабақша тәрбиешелердің 27 пайызында тиісті мамандықтық жоқ екен. Тек 51 пайызы бүгінге дейін біліктілік санаттарын өзгерткен.

Балабақша деңгейіндегі бір топқа бекітілген тәрбиешілердің жеткіліксіздігін, яғни олардың жұмысында ауыртпалық бар екендігін көріп отырмыз. Осы мәселелерді шешу үшін 2022 жылдан бастап былтыр бекітілген модельді іске асыру басталады. Оның ішінде бағдарламаларды қайта қарастыру, мектепке дейінгі мекемелердің ішіндегі тәртіпті, талаптарды біріздендіру қолға алынады, - деді Шолпан Қаринова министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Одан бөлек, балабақшалардағы кезек бойынша бірыңғай базаны құру жоспарланып отыр. Негізгі мақсат – Ол мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орындарды бөлудің ашықтығын, қаржының дұрыс жұмсалуын және кезектің қайталанбауын қамтамасыз ету.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама