×

«Сотта қаралады»: Божко 249 ақмолалықтың жерін тартып алған ба?

2021 жылдың қыркүйегінде Ақмола облыстық соты компанияның барлық әрекетін заңды деп таныған

 Еркеғали Болатұлы 19.07.2022 | 15:43
фото: ашық дереккөз

Ақмола облысында жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша сотқа «Шаңырақ Агро» компаниясына жер телімін беру конкурсының қорытындысын жою туралы арыз түсті. Сондай-ақ компанияның Целиноград ауданындағы 249 үлескердің жер телімін негізсіз тартып алғаны хабарланды.

«Шаңырақ Агро» серіктестігі құрылтайшыларының бірі Максим Божконың айтуынша, 2021 жылдың қыркүйегінде Ақмола облыстық соты компанияның барлық әрекетін заңды деп таныған.

«Сотқа арызданған адамдар жер телімдерінің заңсыз тартып алынғаны туралы президенттің атына мәлімдеме жасады. Олардың кейбірі тіпті Оразақ ауылының тұрғындары немесе «Оразақ» ЖШС-нің бұрынғы үлескерлері де емес.

Шындығында бұл жағдайды белгілі бір адамдар тудырып отыр. Мұны кім, не үшін істеп жатқанын айтпай-ақ қояйын, бірақ болып жатқан жайт – жала, жалған ақпарат. Бұл мәселе бойынша БАҚ-та, әлеуметтік желілерде болып жатқан жайттарды біздің заңгерлер қазір бағалап жатыр. Қандай да бір реакция болуы мүмкін, ол тек заң саласында, бәлкім сотта қаралады, – деді Максим Божко.

Еске сала кетсек, Максим Божко – Ақмола облысы мәслихатының экс-депутаты, Қазақстан жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының басшысы, бақылау кеңесінің төрағасы және «Шаңырақ» басқарушы компаниясы» ЖШС-нің тең құрылтайшысы. Ал әкесі Владимир Божконың соңғы қызметі Мәжіліс төрағасының орынбасары болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама