×

Елімізде 2 жылда азаматтығы жоқ 9 мыңға жуық адам анықталды

Әзірге мыңға жуығы ғана азаматтық алды

 Еркеғали Болатұлы 19.07.2022 | 14:12
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда соңғы 2 жылда 9 мыңға жуық азаматтығы жоқ адам анықталды. Оларды анықтау жұмыстары халықаралық құжаттама науқаны аясында жүргізілген.

ҮЕҰ, Көші-қон қызметі және Әділет министрлігі өңірлердегі азаматтығы жоқ адамдарды анықтау үшін бірлесіп жұмыс істеді. Соның нәтижесінде 500-ден аса адам азаматтық алып, кейін тағы 490-ы құжаттарын рәсімдеген.

Айта кетсек, қазір тиісті мекемелер еліміздің БҰҰ-ның азаматтығы жоқтар жөніндегі конвенцияларына қосылуы бойынша шетелдік әріптестермен келіссөздерді жалғастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама