×

Кәсіпкерді үйінің ауласында атып кетті

Ер адам азық-түлік дүкенінің қожайыны болған

 Қанат Атаманов 19.07.2022 | 05:30
Фото: ашық дереккөздерден

Батыс Қазақстан облысында дүкен иесі оққа ұшты. Қылмыс қаруы ауладан табылды, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

18 шілде БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстың мән-жайын айтты. Ер адам азық-түлік дүкенінің қожайыны болған. Мәйіт Ақсай қаласында 15 шілде күні табылды. Кәсіпкердің басына оқ тиіп мерт болған.

Үйдің ауласынан белгісіз маркадағы кесілген шолақ мылтық табылып, тәркіленді. Мәйіт Орал қаласындағы сот-медициналық сараптамадан өту үшін мәйітханаға жіберілді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама